Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты…
Читать дальше
Балабақшамыздың базасында 2024 жылғы 23 қыркүйек күні «Өрлеу» тыңдаушыларына арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында практикалық көшпелі сабақ өтті. Бөбекжай педагогтері тыңдаушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру, балалардың ойын тәжірибесін байыту және дамыту бойынша жұмыстарын көрсетті. Тыңдаушылардың назарына ұсынылған ересек және мектепалды топтарда ұйымдастырылған іс-шаралар «Төре көрпе»,…
Читать дальше
Бірыңғай ашық есік күнін өткізу аясында балабақшамыздың тәрбиешілері қаланың білім беру мекемелеріне, атап айтсақ, «№8 ОЖББЭТМК» КММ, «Дарын»мектеп-лицейі» КММ, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы» КММ-ге барды, онда түлектеріміздің басым бөлігі оқуын жалғастыруда. Әр-түрлі форматта ұйымдастырылған кездесулер барысында (дөңгелек үстел, пікірталас, ашық сабақ, меңгерушімен және мұғалімдермен әңгімелесу) мұғалімдер мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына дейінгі кезеңді…
Читать дальше