Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының жоспарына сай «Әжелер мектебі» құрылған болатын. Бақшамыздың Әжелер мектебінің төрағасы Оспанова Күлтай Оспановнаның бастауымен «Әже- қазақы тәрбиенің бастауы» тақырыбында семинар өтті. Семинарда балалар әжелермен бірлесе «Асық ату», «Мерген», «Үш отау», «Бестемше» ұлттық ойындарын ойнады және әжелерден түрлі әңгіме, ертегілер және насихаттар тыңдады. Семинардың арнайы шақырылған қонағы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер кеңесі» ұйымының төрайымы Жаманбаева Гүлнар Сабырқызы. Гүлнар Сабырқызының келу мақсаты Түркістан қаласынан бастау алған, Көкшетау каласынан келген «Аялы әже» форумының «Әже- Ұлт ұйытқысы» статуеткасын алғаш болып СҚО, Петропавл қ. «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының әжелер мектебінің төрайымы Күлтай Оспановнаға табыстады. Бұл челлендж әрі қарай жалғасын табуда, келесі кезек «Салтанат» балабақшасының әжелер мектебінің төрайымына табысталмақ.









