Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
2024 жылғы 15 ақпан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының 2023-2024 оқу жылына арналған кешендік жоспары аясында №10 мектепалды тобында «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты мақал-мәтелдер мен жұмбақ байқауы өткізілді.
Бұл сайыстың мақсаты: ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Байқау барысында тәрбиеленушілер өздерінің зейінділігін, тапқырлығын, сөздік қорының молдығын көрсете білді.