«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту»
Балабақшамыздың базасында 2024 жылғы 23 қыркүйек күні «Өрлеу» тыңдаушыларына арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында практикалық көшпелі сабақ өтті. Бөбекжай педагогтері тыңдаушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру, балалардың ойын тәжірибесін байыту және дамыту бойынша жұмыстарын көрсетті. Тыңдаушылардың назарына ұсынылған ересек және мектепалды топтарда ұйымдастырылған іс-шаралар «Төре көрпе», «Асық», «Үш отау», «Сиқырлы ою-өрнек» қазақ халық ойындарын пайдалана отырып өткізілді. Тыңдаушылар «Мерген», «Асық ату», «Бестемше», «Бес Асық», «Қазан асық», «Үш отау», «Этно кілем» және т. б. еден және үстел ойындарын үлкен қызығушылықпен ойнады.
23 сентября 2024 на базе нашего детского сада прошло практическое выездное занятие для слушателей «Өрлеу» на тему «Развитие профессиональной компетентности педагога по формированию этнокультурных ценностей у детей дошкольного возраста». Педагоги ясли — сада продемонстрировали слушателям работу по реализации программы «Біртұтас тәрбие», обогащению и развитию игрового опыта детей. Представленные вниманию слушателей организованные деятельности в старшей и предшкольных группах были проведены с использованием казахских народных игр «Төр көрпе», «Асыки», «Үш отау», «Сиқырлы ою-өрнек». Слушатели с большим интересом сами поиграли в напольные и настольные игры «Мерген», «Асык ату», «Бестемше», «Бес асык», «Казан», «Үш отау», «Этно ковер» и др.


























