Бірыңғай ашық есік күні «Дарын»мектеп-лицейі» КММ, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияға» барды.
Бірыңғай ашық есік күнін өткізу аясында балабақшамыздың тәрбиешілері қаланың білім беру мекемелеріне, атап айтсақ, «№8 ОЖББЭТМК» КММ, «Дарын»мектеп-лицейі» КММ, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы» КММ-ге барды, онда түлектеріміздің басым бөлігі оқуын жалғастыруда. Әр-түрлі форматта ұйымдастырылған кездесулер барысында (дөңгелек үстел, пікірталас, ашық сабақ, меңгерушімен және мұғалімдермен әңгімелесу) мұғалімдер мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына дейінгі кезеңді талқылады, баланың мектепте оқуға дайындығының негізгі сәттерін белгіледі, балабақша мен мектептің сабақтастығын жүзеге асыру үшін жұмыстың одан әрі бағыттарын анықтады.













